54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады.
Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.