Маңғыстау облысының үш ауылында су тұщыту зауыты салынып жатыр

Бүгiн, 20:25
105
Бөлісу:
Маңғыстау облысының үш ауылында су тұщыту зауыты салынып жатыр
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданында халық санының артуына байланысты маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудан орталығы Форт-Шевченко, Баутин және Аташ елді мекендерін сумен қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 5000 текшеметр теңіз суын тұщытатын зауыт салынуда. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы 80%-ға аяқталған. 

Бүгінде бұл елді мекендерге ащы су құбырлар арқылы жеткізіліп, ал тұщы су жер асты көздерінен арнайы тасымалдаушылармен жеткізілуде. Жыл соңына дейін зауыт толық іске қосылып, құбырлар арқылы тұщыландырылған су тұрғындарға берілмек.

Аудан инфрақұрылымын жақсарту бағытында тағы бір маңызды жоба – тәулігіне 1000 текшеметр кәріз суын тазартуға арналған жаңа тазарту жүйесінің құрылысы. Бұл жобаның 95%-ы аяқталып, жақын арада іске қосылады деп жоспарлануда, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы