Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады

9 Желтоқсан 2020, 18:23
2233
Бөлісу:
Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» синоптиктері бірнеше аймақта дауылды ескерту жасады.

10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с.

10 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең 10 желтоқсанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Түнде 10 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз 21°С дейін сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы