Маңғыстау облысының автопаркі 10 жаңа автобуспен толығады

14 Қыркүйек 2021, 16:10
1446
Бөлісу:
Маңғыстау облысының автопаркі 10 жаңа автобуспен толығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қатынайтын жолаушылар автобустары жаңартылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.       

2021 жылдың соңына дейін №105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағытындағы тасымалдаушы өз қаражаты есебінен DAEWOO BC211 маркалы заманауи 10 жаңа автобус сатып алады.       

Облыста жолаушыларды тасымалдау 35 тұрақты маршрут, 200-ге жуық автобуспен жүзеге асырылуда. Қоғамдық көліктердің 40%-дан астамының тозығы жеткен.       

Жолаушыларды ыңғайлы әрі сапалы автобустармен қамту мақсатында былтырдан бері бірқатар шара қолға алынуда. Атап айтқанда, өткен жылы Ақтау қаласының автопаркі 18 жаңа автобуспен жаңарды. Биыл жолаушылар тасымалдаушысының бастамасымен Ақтау қаласына 2019 жылғы шыққан «Ankai» маркалы 30 жаңа көлік сатып алынды. Осылайша, облыс орталығының автобус паркі 70%-ға жаңартылды.


Өзгелердің жаңалығы