Маңғыстау облысындағы қауіпті жол учаскелеріне шу жолақтары орнатылады

Жаңа қауіпсіздік шарасы республикалық маңызы бар жолдардың апатты учаскелерінде енгізілуде.

 видеодан скриншот 2 Тамыз 2026, 20:18
2 Тамыз 2026, 20:18
201
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті учаскелеріне қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында шу жолақтары орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалымен бірлесіп жүргізілуде.

Қазіргі уақытта шу жолақтары Ақтау – Жетібай – Шетпе – Сайөтес – Бейнеу автожолының 678–679-шақырымдарына, сондай-ақ Бейнеу – Тәжен тас жолының 61 және 64-шақырымдарына орнатылды.

Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Алдағы уақытта Шетпе – Сайөтес – Бейнеу автожолының тағы бес қауіпті учаскесіне шу жолақтарын орнату жоспарланған.

Бұдан бөлек, Ақтау – Бейнеу тас жолының бойында жүргізушілер ұзақ сапар кезінде аялдап, тыныға алатын 20-ға жуық демалыс орны жұмыс істеп тұр.

Наверх