Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады

16 Желтоқсан 2021, 15:04
2617
Бөлісу:
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады
PHOTO

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Мұнайлы ауданы Батыр ауылында көп балалы және осал топтағы 80 отбасыға баспана берілді.

Әр пәтері 70 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Батыр ауылының іргетасын Маңғыстаудың төл перзенті, абыз ақын Әбіш Кекілбайұлы қалап, атауын да өзі қойған еді. Бүгінде Батыр ауылында 13 мыңнан астам адам тұрады. Өңір бойынша ең көп туу көрсеткіші де осы ауылда тіркеліп отыр.

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады

Мұнайлы – еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған алғашқы аудан. Аудан құрылған жылдардан бері Мұнайлыда жылына орта есеппен 195-198 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазір Маңғыстау және Дәулет ауылдық округтерінде көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады


Аудан әкімі баспаналы болғандарды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі.


Еліміз Тәуелсіздік алғалы халықты баспанамен қамтудың бірнеше бағдарламасы жасалды. Үй алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды. Осылайша мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Бүгін, міне, ауданымызда көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа үйге кіріп жатыр. Қоныс жайлы болсын, мереке құтты болсын,- деді аудан әкімі Рахат Елтизаров.

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады
Өзгелердің жаңалығы