Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы уақытта өңірдің төсек-орын қорын 1835 инфекциялық және 130 реанимациялық төсек-орынға дейін ұлғайту жоспарлануда, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 170 инфекциялық төсек-орын және 43 реанимациялық төсек-орын бар. Алдағы уақытта өңірдің төсек-орын қорын 1835 инфекциялық және 130 реанимациялық төсек-орынға дейін ұлғайту жоспарлануда. Облыс бойынша медициналық мекемелердің пайдалануында 124 өкпені жасаны желдету (ӨЖЖ) аппараты бар, оның 57-і МОБ-да және 527 оттегі концентраторы бар.
Ақтауда заманауи модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Өңірлік ауқымдағы инфекциялық стационар ауданы 4 гектар учаскеде, 1 А шағын ауданда орналасқан. Госпиталь 180 орынға есептелген, 20 реанимациялық төсек-орын бар. Ауданы 6763 м2 болатын кешен модульдерге бөлінген, олардың әрқайсысы түрлі мақсаттарға арналған. Айта кетейік, мекеме ең қажетті жабдықтармен: ӨЖЖ аппараттарымен, сондай-ақ дәлдігі жоғары компьютерлік томографпен және цифрлық рентгенмен жабдықталған. Сонымен қатар дәрігерлердің арсеналында қажетті оттегі станциясы, сондай-ақ желдету камерасы бар. Бүгінгі таңда ауруханаға 300-ге жуық медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды. Медициналық мекемеде кадрлық резерв құрылды.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының автопаркі жаңа санитарлық көлікпен – «Hyundai 350» маркалы 20 мамандандырылған машинамен толықты. Олардың 13-і Ақтау қаласының, 5-і Мұнайлы ауданының балансында және екеуі санавиация қызметіне жіберілді. Өңірде кадр мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді, ол ең өткір мәселелердің бірі болып қалып отыр. Қазіргі уақытта 252 адам көлеміндегі медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалады, оның ішінде 127-сі – қалада, 125-сі – ауылда. Медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге келетін болсақ, өңірде медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныш құраддарының түгесілмейтін қоры бар, оның ішінде 43 894 костюм, 2 028 394 маска, 29 650 жұп перчатка, 24 380 зарарсыздандыру құралдары мен 129 байланыссыз термометр бар. Дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры 300 млн теңгені құрайды.
Облыстағы дәріханаларда шамамен 400 мың маска бар, олардың орташа бағасы 60 теңгеден 85 теңгеге дейін. Сонымен қатар түрлі үлгідегі 37 419 қорғаныш медициналық костюмі, 762 мыңға жуық маска, 298 319 жұп перчатка, 4 434 литр дезинфекциялық құрал қосымша сатып алынады деп күтілуде. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Маңғыстау облысының фармацевтикалық қызмет объектілеріне тұрақты мониторинг жүргізуде. КВИ және оның салдарын емдеу үшін 22 атау бойынша дәрілік заттардың болуына тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта өңірде 325 дәріхана жұмыс істейді, олардың 3-уінің бірқатар медициналық препараттарды дайындауға лицензиясы бар. Аталған дәріханаларды дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өңір кәсіпкерлері дәрілік заттарды бір реттік әкелуді ресімдеді. Бұл шара бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмектердің екі айлық қорын қамтамасыз етеді.
Облыс бойынша медициналық ұйымдарға жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Нысандарды жаңғырту және жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр. Ақтау қаласында облыстық ауруханада және облыстық балалар ауруханасында қазіргі жөндеу жұмыстары аяқталды, қалалық емханада жөндеу жүргізілуде. Жаңаөзен қаласында 5 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде: перинаталдық орталық, көпсалалы аурухана, кір жуу, туберкулез ауруханасы және мәйітхана. Барлық жұмыстар 30 қазанға дейін аяқталады. Бұрынғы Жаңаөзен туберкулез ауруханасының ғимараты жедел медициналық көмек қызметінің ғимаратына қайта бейімделетін болады. Жұмыс 2 ай мерзімде аяқталады.
Мұнайлы ауданында 3 нысанда: аудандық емханада және Басқұдық және Атамекен ауылдарының амбулаториясында қазіргі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оларды тапсыру қазан айының соңына жоспарланған. Қарақия ауданында 3 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде: бұл аудандық орталық аурухана, онда жұмыстардың 90%-ы аяқталды, Жетібай ауылының ауруханасы және Бостан ауылының амбулаториясы. Бейнеу ауданында екі медициналық ұйымның жөндеу жұмыстары 95% аяқталды. Қазіргі уақытта қалалар мен Мұнайлы ауданынан басқа аудандардағы 8 нысанға оттегі жеткізу жүзеге асырылуда.