Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында көмірқышқыл газынан улану салдарынан екі жасөспірім мен ересек адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 23 ақпанда Мұнайлы ауданында орналасқан «Қаламқас» тұрғын алабында болған. Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, оның екеуі жасөспірім. Бір адам аман қалды. Ол ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды, - делінген бүгін таратқан хабарламада.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұмдардың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін хабарлады. Басқа да қажетті қолдау шаралары қабылданды.
Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Осының салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй-жайдың ішіне тарап кеткен, - деп жазылған хабарламада.