Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маңғыстау облысында қоқыс полигонын салуға 535 млн теңге бөлінбек

16 Қараша 2025, 22:53
365
Бөлісу:
 lada.kz
Фото: lada.kz

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін жергілікті бюджеттен 535 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың тапсырыс берушісі – Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі. Жобаның атауы – «Ақжігіт ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу». Жұмыстарды орындау мерзімі – сегіз ай, ал аванстық төлем көлемі 30% деп көрсетілген.

Конкурсқа қатысатын компанияларға бірқатар талаптар қойылады: құрылыс-монтаждау және жобалау-сметалық жұмыстарын жүргізуге рұқсаттардың болуы, салықтық қарыздардың болмауы, сонымен қатар жұмысты атқару үшін жеткілікті материалдық-техникалық база мен еңбек ресурстарының қамтамасыз етілуі.

Конкурсқа өтінімдер 19-24 қараша аралығында алдын ала қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы