Маңғыстау облысында көбелектер мен қызыл коңыздар күрт көбейді

22 Маусым 2022, 09:48
1459
Бөлісу:
Маңғыстау облысында көбелектер мен қызыл коңыздар күрт көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда соңғы бірнеше күнде көбелектер мен қызыл қоңыздар саны күрт артты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 Биологтардың айтуынша, бұған алаңдауға еш негіз жоқ. Қалада ұшып жүрген жәндіктер – кәдімгі қызыл қоңыздар мен көбелектер адамға қауіп төндірмейді. Мамандар жәндіктердің тым көп болуын Маңғыстау облысында көктемнің жаңбырлы болғанымен байланыстырып отыр. 

Ақтауда биыл көктем жауын-шашынды, ылғалды болды, соның арқасында бөртегүл, жоңышқа сияқты өсімдіктер жақсы өсті. Ал көбелектердің бұл түрі осы өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. ... Біздің өңірде қоныс аударатын алғашқы көбелектерді мамыр айының аяғында немесе маусымның ортасында көруге болады. Мұндай жағдайлар Маңғыстау облысында 2019 жылдың маусымында, 2018 жылдың мамырында және 2015 жылдың маусымында байқалған, - деп түсіндірді Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, биология профессоры Ләтипа Қожамжарова. 

Оның сөзінше, көбелектер шілденің ортасынан қазанның бірінші онкүндігіне дейін ұшып, кейін оңтүстікке қайта қоныс аударады. Олардың бағытын құстардың немесе желдің бағыттарына қарап байқауға болады. 

Мамандардың бақылауынша, 2019 жылы мамыр айының екінші жартысында Әзербайжан мен Түрікменстан аумағында кездескен қоныс аударатын көбелектер Қазақстанға үш апта айырмашылықпен ұшып келген. Болжам бойынша олардың ендігі бағыты – Өзбекстан. Сол себепті алдағы аптаның соңына қарай Маңғыстау өңірінде көбелек пен қызыл қоңыздар саны азаяды деп күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы