Маңғыстау облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

10 Ақпан 2022, 21:18
1533
Бөлісу:
Маңғыстау облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында былтыр игерілмеген 303 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның дені фермерлер ауыл шаруашылығы мақсатында алып, пайдаланбай отырған жерлер, деп жазды Хабар24.

Былтыр 445 шаруаға ескерту берілген. 2 жыл бұрын бос жатқан алқаптарды анықтау үшін елдегі 4 облысқа ғарыштан мониторинг жасау жобасы іске қосылған еді. Соның нәтижесінде Маңғыстауда 2 миллионнан астам жердің кәдеге аспай жатқаны белгілі болған. 

Ал кейбір шаруа жердің бос жатқанына қарамастан кері қайтаруға қарсылық білдірген. Себебі өңірде қуаңшылық болып, шөп азайған. Сондықтан шаруалар пайдаланылмаған аумақты мал жаю үшін ұстап отырған көрінеді. Облыстық жер қатынастары басқармасының өкілдері осыны ескеріп, ауыл шаруашылығы министріне ұсыныс жіберген. 

Бізге мал үшін жер көбірек керек болады басқа облыстардан, ол үшін Маңғыстау облысы не  шөлейт аймақтар үшін басқа коэфицент қолдансын деген мағынада жазып жатырмыз. Жалпы ауыл шаруашылығына табысталған 3 млн гектардай. Қарақия ауданы негізінен көлемді жер қайтарды, Маңғыстау ауданынан 12 шаруашылық бар, 154 мың гектардай, Бейнеу ауданында ірі көлемдегі шаруашылық жоқ, 45 мың, 10 мың гектар қайтарылып жатыр. 1 жыл пайдаланбағаны жөнінде анықталса, ескерту беріледі, 2400 шаруашылық бар, қалған 1800-не ескерту беру жөнінде жұмыстар жүріп жатыр, - деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов.

 

Өзгелердің жаңалығы