Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылды: Қаза тапқандар бар

Бөлісу:
 gov.kz
VIDEO
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында автобус аударылып, жол апаты болды. Апат салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Автобуста барлығы 50 адам болған, - деп жазылған хабарламада. 

Министрлік атап өткендей, аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында орын алған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушіге ауысу жүзеге асырылған. 

Өзгелердің жаңалығы