Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 26 мектеп салынады

10 Желтоқсан 2021, 10:21
2244
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 26 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Ербол Махитов мәлімдеді. 

Спикердің айтуынша, аймақта 2025 жылға дейін 26 білім ордасын салу жоспарланған.

Биыл жыл аяғына дейін Ақтау қаласының Шығыс-1 тұрғын массивіндегі 300 орындық мектепті пайдалануға беріп, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында Күйкен атындағы орта мектепке бөлек тұратын оқу корпусының құрылысы мен Өмірзақ ауылындағы №27 мектепке бөлек ғимарат салу көзделген.

Ал 2022 жылы Ақтау қаласының 18-шағын ауданында 1200 орынға арналған, 31А шағын ауданында 1200 орынға арналған, 19А шағын ауданында 1200 орынға арналған, Мұнайлы ауданы Басқұдық елді мекенінде 1200 орынға арналған және 600 орынға арналған жалпы білім беру мектебінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, екі мектептің құрылысына конкурс жарияланып, бір жобаның мердігері анықталды, – деді Ербол Махитов.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласының 16, 19-шағын ауданында 1200 орынға арналған, Мұнайлы ауданында Батыр мен Маңғыстау селосында 1200 орынға арналған және Түпқараған ауданы С. Шапағатов ауылындағы 1200 орынға арналған білім ордаларының құрылысына жобалық сметалық құжаттама дайындалуда.

Өзгелердің жаңалығы