Маңғыстау облысына қоқиқаздар ұшып келді

13 Ақпан 2022, 13:36
1767
Бөлісу:
Маңғыстау облысына қоқиқаздар ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау өңірінің тұрғыны Азамат Сарсенбаев желіге фото және видео салды. Ал экобелсенді Сәкен Ділдахметтің айтуынша, құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі, деп жазды Хабар24.

Қоқиқаздар біздің елге Африка, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінен ұшып келеді. Сәуір айында келіп, күн суытқанша (қыркүйек, қазан айларына дейін) болады. Қоқиқаздардың елордаға жақын жердегі негізгі мекені Қорғалжын қорығы, олар сонда мекендеп, көбейеді. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен, – дейді Сәкен Ділдахмет. 

Сондай-ақ құстар Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының аумағын мекендейді. Талдыкөлде кіші және үлкен 100-ден астам құс мекендейді. Оның қатарында қоқиқаз, аққу, қаз, үйрек, шағала, бірқазан және тағы басқа құстар бар. 

Талдыкөлге келген бұл қоқиқаздың биылғы балапандары. Олар жылы жаққа ұшпас бұрын осындай көл мен көлшіктерге тоқтап, әл жинап, одан әрі ұшатынын айтты экобелсенді.

 

Өзгелердің жаңалығы