Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

12 Наурыз 2022, 12:41
2737
Бөлісу:
Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болып әділет подполковнигі Досқалиев Амир Жұмабекұлы тағайындалды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Досқалиев Амир Жұмабекұлы 2000 жылдан бастап құқық қорғау органдарында, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы ІІБ КПБ жедел уәкілі болып бастаған. 

ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. 

Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы болды.

Өзгелердің жаңалығы