Сымбат Төретаев Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 19 мамырда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Қарақия ауданының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Қыдырберді Бековтың орнына жаңа әкім лауазымына кандидатурасын ұсынды.
ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген Жаңа кандидат Сымбат Төретаев болды.
Сымбат Төретаев Ш. Есенова атындағы Ақтау университетін және Алматы менеджмент университетін "Экономика және менеджмент", "Іскерлік әкімшілендіру" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облысының Ішкі істер органдарында, жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі уәкілі болып бастады.
2006 жылдан 2010 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2010 жылдан 2014 жылға дейін Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болды.
2015 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары.
Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдап, Төретаевты тәжірибелі басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті.
Нұрлан Ноғаев Қыдырберди Бековқа еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі.
Сондай-ақ өңір басшысы Сымбат Төретаевқа Қарақия ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.