Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойды

2 Қыркүйек 2025, 18:47
764
Бөлісу:
 gov.kz
VIDEO
Фото: gov.kz

2 қыркүйекте Бейжің қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақ-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған өңірлік делегация қатысты. Сапар нәтижесінде облыс әкімдігі мен Қытайдың жетекші компаниялары арасында өңір экономикасы үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол қойылды.

Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойды

Атап айтқанда, «Zhongyun International Industrial Co., Ltd. (Heilongjiang)», «Inner Mongolia Guoyou Import & Export Trading Co., Ltd.» және «Tianjin Guoyou WuChan Group Co., Ltd.» компаниялары – Маңғыстау облысында теңіз портын салу және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жобасын, «Gansu Joy Sturgeon Ecological Technology Co., Ltd.» компаниясы – балық шаруашылығы, балық өңдеу және туризм бағытында бірқатар жобаларды іске асырады.

Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойды

Бұдан бөлек, «ChengLi Special Automobile Co., Ltd.» және «Hua An International Investment Management LLP» – арнайы техниканы автожинақтау зауытын салуды көздесе, «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясымен цифрландыру саласындағы бірлескен жобалар қолға алынады.

Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойды

Айта кетейік, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірге инвестиция тарту мақсатында аталған компаниялардың өкілдерімен бірнеше кездесу өткізген болатын. Келіссөздер Ақтау, Астана, сондай-ақ Қытайдың Бейжің, Тяньцзинь және Суйчжоу қалаларында ұйымдастырылды. Кездесулер барысында тараптар бірлескен жобаларды талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласқан еді.

Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойды

Осы мақсатты келіссөздердің нәтижесінде бүгін Бейжің қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іскерлік кеңесте, қытайлық ірі компаниялармен келісімдерге қол қойылды. Бұл келісімдер Маңғыстау облысына қомақты инвестиция тартуға жол ашады. 

Өзгелердің жаңалығы