15-20 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Мәңгілік ел даңғылындағы жол төсемі бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабарлады.
Осыған байланысты, 15-20 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады әкімдік.