«Мәңгілік даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды

Бөлісу:
«Мәңгілік даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды
PHOTO
Фото: Қайрат Қонысбай

Алматылы қаласында Жеңіс күні қарсаңында Райымбек даңғылы бойындағы орталық зиратта орналасқан «Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталарын. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері жерленген зират 3 ай сайын тазаланып, қорғауға алынғанын атап өтті.

«Мәңгілік даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды

Жеңіске үлес қосқан әрбір адам біздің жүрегімізде қалады. Сұрапыл соғыстың ішінен аман-есен шығып, жауды жеңіп, бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған жандарды есімізден шығармаймыз. Батырлардың рухын сыйлап, ізет білдіруге келген Ұлы Отан соғысының, еңбек тылының қатысушыларға алғыс білдіремін. Барлық алматылықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!, – деді Данияр Әлкебайұлы.

Іс-шараға Алматы қаласының Жетісу ауданынының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Илья Кудин де қатысты. Өзінің естеліктерімен ой бөлісті. 

«Мәңгілік даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды

Мен 96 жастамын. 17 жасымда мені әскерге шақырды. Содан кейін соғыс басталды, мен оған қарапайым сарбаз ретінде бардым. Қиыр Шығыстағы Маньчжурияда соғыстық. Бейбіт уақытта мен жыл сайын осы мемориалға және 28 Панфилов күзетшілерінің саябағына келіп, сол кездерді, достарымды, жолдастарымды еске аламын, – дейді ардагер. 

Өзгелердің жаңалығы