Мамырда 42 мың адам мерейтойлық медаль алады

24 Наурыз 2025, 14:13
2164
Бөлісу:
Мамырда 42 мың адам мерейтойлық медаль алады
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарды марапаттау жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство соғыс және тыл ардагерлерін құттықтау жыл сайынғы негізде жүргізілетінін айтты.

Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің есімін мәңгі есте қалдыру және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жұмыстарын жоспарлап, жүзеге асыруда. Министрлік тарапынан мерейтойлармен, мемлекеттік мерекелермен ардагерлерді құттықтау тұрақты түрде жүргізіледі, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі Tengrinews.kz редакциясының сұрауына жауап ретінде.

Сонымен қатар, көптеген қазақстандықтарға естелік медальдар табысталады.

Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік медальді 42 мың адамға тапсыру жоспарлануда. Ол, ең алдымен,соғыс және тыл ардагерлеріне арналған. 7 және 9 мамырда өткізілетін басқа іс-шаралар туралы ақпарат министрліктің сайтында жарияланады, – делінген жауапта.

Сондай-ақ Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтеді.

Өзгелердің жаңалығы