Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

30 Сәуір 2022, 23:45
1621
Бөлісу:
Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айында атмосфералық процестер жазғы маусымға ауысуы жүзеге асады. Бірақ ауа райы құбылмалы, суық қайта оралуы мүмкін, ал түнгі уақытта тіпті үсік жүру ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Мамырдың бірінші күні республикамыздың басым бөлігінде +20+28°С, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде циклондардың жүріне байланысты жаңбыр жауып, кей уақытта күшті, екпінді жел тұрады, дауыл соғады, бұршақ түсуі де ықтимал және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Осы салқын ауа райы Қазақстанның басқа аудандарына да ойысады, – деді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

 Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондар орнын ауыстырып, ауа-райы тұрақсыз сипатқа ие болады. Ауа температурасы да құбылып, ауытқып отыруы болжанады:  республикамыздың батысында түнде +3+13°С, ал солтүстік өңірде -3°С үсік жүреді, +8+15°С,  күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін; 

еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде сынап бағаны +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, кей уақытта 1-6°С сипатында үсік жүреді, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін; 

оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде сынап бағаны +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін аздап төмендейді. 

Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ойысып жетуіне байланысты республикамыздың солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп +25+35°С-қа, ал оңтүстік жартысында +30+35°С-қа, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. 

Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады, күндізгі аптап ыстық +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп күтіледі, дегенмен сынап бағаны көбіне жоғары болуы болжанады.

Өзгелердің жаңалығы