МӘМС: Реабилитациялық көмекті қалай алуға болады?

13 Ақпан 2023, 19:05
1378
Бөлісу:
МӘМС: Реабилитациялық көмекті қалай алуға болады?
Фото: Фото: МӘМС баспасөз қызметі

Қазақстанда денсаулықты қалпына келтіруге бағыттылған медициналық реабилитацияға деген сұраныс көп. Қазіргі таңда Алматы қаласында оңалту қызметін көрсететін 76 клиника Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№11 Қалалық емхананың оңалту бөлімшесі меңгерушісі Дамиля Бердібаева медсақтандыру арқылы көрсетілетін реабилитациялық көмектің кімдерге қолжетімді екенін және оны пайдалану үшін не істеу қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, медициналық оңалтудан төмендегідей жағдайларда өтуге болады:

  • негізгі немесе созылмалы сырқатты емдеу барысында;
  • хирургиялық манипуляциялардан кейін;
  • жарақат алғаннан кейін;
  • өмір сүру сапасын төмендетіп, қимыл-қозғалысты шектейтін сырқаттар кезінде.

Реабилитациядан өту үшін:

  • Медициналық көмектің кез келген түрі сияқты, реабилитациядан өту үшін де алдымен тіркелген емханаға бару керек;
  • Учаскелік дәрігер реабилитологқа немесе мультидисциплинарлық топ мамандарына жолдама береді;
  • Олар аурудың пайда болуына, асқыну деңгейіне, сырқаттың денсаулық жағдайына қатысты мәліметтерді негізге ала отырып, бастапқы реабилитациялық диагноз қояды, денсаулықты қалпына келтіру жоспарын жасайды, курстың мерзімін белгілейді;
  • Оңалту курсын амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде немесе санатория-курорттарда өтуге болады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады;
  • Маман сөзіне сүйенсек, оңалту курсын емханалар мен ауруханалардан бөлек, оңалту орталықтары, спорттық-оңалту кешендері, санаторлық кешендер мен әлеуметтік-медициналық мекемелер де жүргізеді.

№11 Қалалық емхананың оңалту бөлімшесінде токпен емдеу, парафинотерапия, жиілігі жоғары ультратерапия (УВЧ/КВЧ), лектрофарез, диадинамотерапия (ДДТ), синусоидалды-модульденген ток (СМТ-терапия), соллюкс, ингаляция, рессотерапия, магнитотерапия, оттегі концентраторы, аппараттық және кәдімгі емдік массаж, тұз шахтасы сынды ем-дом түрлері қолданылады. Сонымен қатар, емдік-шынықтыру залы балалар мен ересектерге арналған тренажерлармен жабдықталған.

Өзгелердің жаңалығы