МӘМС: Қыркүйек айында Астана қаласы бойынша 5,8 млрд теңгеден аса жарна түсті

7 Қазан 2022, 10:18
731
Бөлісу:
МӘМС: Қыркүйек айында Астана қаласы бойынша  5,8 млрд теңгеден аса жарна түсті
Фото: BAQ.KZ

Осы жылдың қыркүйек айында МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше,  жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 48,4 млрд теңгеден аса жарна түсті. 

Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында Астана қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін 149,1 млрд теңгеге жуық жарна жинақталған.

 Астана қаласы бойынша осы жылдың қыркүйек айында МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде 3,3 млрд теңге – жұмыс берушілердің, 2,5 млрд теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары.  Ал 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 48,4 млрд теңгеден аса жарна аударған (оның 26,9 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 21,5 млрд теңгеге жуығы –жеке кәсіпкерлерден түскен жарна).  2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15 849 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 97,6 млн. теңгеден аса соманы құрайды, ал осы жылдың қыркүйек айында 8521 БЖТ төлеушілерден 11,5 млн.теңге жарна түскен.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда:  

 Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты

кері байланыс арналары арқылы Қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  өтінішіңізді қарап, тиісті шаралар қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы