Қазақстанның соңғы жаңалықтары

МӘМС пен медицина саласын цифрландыруға көшеміз – Бектенов

15 Шілде 2025, 12:32
786
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде денсаулық сақтау саласы, соның ішінде МӘМС жүйесі цифрландыруға көшуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Медициналық сақтандыру қорының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Қаржы министрлігі 500 млрд теңге аудару туралы міндеттемесін орындамаған. Салаға цифрландыру жүргізіле ме?» деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет басшысынан.

Медицинаға, соның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін қаржының дұрыс жұмсалуы – үнемі біздің бақылауымызда. Бұл мәселе ауқымды цифрландыруды талап етеді. Жасанды интеллект технологиясын қолдану қаржыландыру қажеттілігі көзқарасы тұрғысынан, қаржының нақты қайда жұмсалуын басқару үшін керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен қордың басшылығына тиісті тапсырма берілді. Барлық нұсқаларды қарастырамыз. Серіктестер іздейміз. Денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияны барынша енгіземіз, - деп жауап берді Олжас Бектенов.

Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.

Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.

Өзгелердің жаңалығы