МӘМС енгізу аясында бірқатар қызметтің қолжетімділігі кеңейтіледі

31 Шілде 2019, 09:25
1266
Бөлісу:
МӘМС енгізу аясында бірқатар қызметтің қолжетімділігі кеңейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі халықты медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін әзірледі. Осы жүйенің бірінші деңгейі ҚР барлық азаматтары, оралмандар мен тұрақты жасайтын шетелдіктерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтиды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл пакет тіркелген жердегі алғашқы медициналық-санитариялық көмек, жедел жәрдем, санитариялық авиация және шұғыл стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрі сияқты тегін медициналық көмектің түрлерін қамтиды.

Екінші деңгей - сақтандырылған халыққа арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек пен аурулардың кең спектрі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, стационарды алмастыратын көмекті, оңалтуды және қалпына келтіру емін қамтитын МӘМС пакеті.

Үшінші деңгей - бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер.  Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен беріледі. Емханада атап өткендей, МӘМС енгізу аясында бірқатар қызметтердің қолжетімділігі кеңейтіледі. Олардың арасында қымбат диагностикалық және стоматологиялық қызметтер бар. Олар бойынша қаржыландыру тиісінше 3 және 2,3 есе өседі. МӘМС енгізу мәселелері бойынша емхана қызметкерлері халық арасында белсенді ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, емханада автоматтандыру, жабдықтау және цифрландыру мәселелері шешілді. «Астана — адалдық алаңы» жобасы аясында емхана смарт-қосымша немесе бірыңғай Сall-орталық - 109 арқылы дәрігерлердің қабылдауына алдын ала жазылу арқылы «кезексіз» жұмыс режиміне көшті. Осылайша адам факторы азайтылып, күнделікті кертартпалыққа негізделген міндеттер автоматтандырылды.

Емхана немесе тікелей дәрігер туралы тілектер мен пікірлерді Smart Аstana мобильдік қосымшасы арқылы қалдыруға болады.


Өзгелердің жаңалығы