МӘМС енгізілгелі Қазақстанда нәресте мен ана өлімі төмендеді – ДСМ

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 27 Қаңтар 2025 2025, 10:55
27 Қаңтар 2025 2025, 10:55
676
Фото: - архив

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгелі бері елімізде медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды.

Атап айтсақ, жалпы өлімнің 8 пайызға, оның ішінде нәресте мен ана өлімі төмендеді, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 жасқа ұлғайды, - деді министр.

Бүгінде қазақстандықтардың 83%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылған. Олардың ішінде 72%-ы мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп отырған осал топтардағы азаматтар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжіліс спикерінің орынбасары Дания Еспаева Мәжілістегі Үкімет сағатында медициналық қызмет көрсетудің тарифтері мен сапасының төмендігі туралы айтты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 2,3 есе өскенін айтты.

Наверх