Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің жаңа стадионның құрылыс алаңын аралап көрді.
Жобаны жүзеге асырумен BI Group компаниясының құрылымдық бөлімшесі – BI Construction & Engineering айналысуда. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаев қатысты.
Болашақ стадион - жабық трибунасы бар ашық футбол алаңы. Жалпы ауданы 36 500 шаршы метрді құрайды. Оның 15 000 ш.м. - футбол алаңы, жаттығу алаңы және жеңіл атлетикалық жол. Жалпы сыйымдылығы – 7000 орын. Трибун каркасы – металл. Стадион ғимаратында қажетті бөлмелер: шешінетін бөлмелер мен жаттығу залдары, баспасөз орталығы, БАҚ жұмысына арналған орын, ВИП-ложасы болады.
«Тапсырыс беруші - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның талаптарына сәйкес – футбол алаңы FIFA-3 стандарттары бойынша сертификаттаудан өтуі тиіс, яғни ұлттық маңызы бар матчтарға арналған футбол алаңы ретінде болмақ, демек оның сапасына қойылатын талаптар да жоғары болады», − деп түсіндірді BI Construction & Engineering «Оңтүстік» дивизионы жобаларының директоры Диас Әділханов.
Стадион құрылысы 2019 жылдың 1 тоқсанында басталды. Тапсырылатын мерзімі − 2020 жылғы желтоқсан.
«BI Group компаниясының корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі әрдайым спорт болып қалатыны ешкімге құпия емес. Сондықтан қалаға қажетті спорт ғимаратының құрылысы бізге екі есе шабыт береді. Біздің компания мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен облыс басшылығы артып отырған сенімді жоғары бағалайды. Біз жобаны белгіленген уақытта және жоғарғы сапада жүзеге асыру үшін бар күшіміз бен тәжірибемізді саламыз», - деп атап өтті BI Group директорлар кеңісінің төрағасы Айдын Рахимбаев.
Премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Түркістанда Премьер-министр қаланың даму перспективалары жөнінде кеңес өткізеді. Cелекторлық режимде оның жұмысына өңірлер әкімдері қатысып, облыс орталығында нысандарды салу бойынша ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндайтын болады. Сонымен қатар, қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын, тұрғын үй алаптарын және әлеуметтік мәні бар нысандарды салу барысы тексеріледі.
Осы күні А. Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барады, ондағы бұрынғы және салынып жатқан аудандардың өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап көреді. Қала маңын аралау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мегаополистің одан әрі даму перспективалары және 2023 жылға дейінгі Кешенді құрылыс жоспарын іске асыру жөнінде кеңес өткізеді.