Мамин Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады

18 Тамыз 2020, 15:45
1157
Бөлісу:
Мамин Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Премьер-министр Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.

Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы