Мамин Саран қаласында «Yutong» автобустарын шығаруды бастап берді

21 Желтоқсан 2020, 14:04
1390
Бөлісу:
Мамин Саран қаласында «Yutong» автобустарын шығаруды бастап берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды облысының Саран қаласында автобустар, электробустар мен арнайы техника шығаратын «QazTehna» зауытының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Кәсіпорын әлемдегі аса ірі автобус өндіруші «Yutong» компаниясымен серіктестікте құрылған. Жобаның құны шамамен 23 млрд теңге, мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Жылдық жобалық қуаты – 1200 автобус пен электробус, сондай-ақ 500 бірлік арнайы техника. Зауытта бірнеше өндірістік циклды: дәнекерлеуді, бояуды, құрауыштарды шығаруды, зерттеу орталығын, сондай-ақ техниканы сынау және тексеруге арналған тректі іске қосу қарастырылған. «Yutong» маркалы автобустар барлық континентте 30-дан астам елде пайдаланылады. 

зав1.jpg


 


 

Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустармен, орындармен, электронды билет беру және бақылау жүйесімен жабдықталған. Жаңа жоба Қарағанды облысының экономикасының дамуына және отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бағдарламасын іске асыруға серпін береді. 

зав2.jpg


 

Үкімет басшысына Саран қаласындағы индустриялық аймақты одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ «Оңай» электронды билеттендіру жүйесі туралы баяндалды. Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы сонымен қатар ТМД-дағы бірден-бір «Caterpillar» маркалы арнайы техника сервисінің және ауыр техника компоненттерін қалпына келтірудің толық циклі бар «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС-ында болды.

зав3.jpg


 


 



 

Өзгелердің жаңалығы