Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысымен кездесті

13 Мамыр 2021, 18:08
892
Бөлісу:
Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Orano» директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Клод Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды. 

Асқар Мамин «КАТКО»-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы