Мамин Мәжіліске келді

21 Қазан 2020, 11:20
1768
Бөлісу:
Мамин Мәжіліске келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына үкімет басшысы Асқар Мамин келді.

Оның өзіндік себебі бар, төменгі палатада депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасын қарап жатыр. 

Осы мәселе бойынша Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі мен Ұлттық банк басшысы баяндама жасады.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау болып отыр екен.

Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 млрд теңге сомасында қосымша шығыстар көзделіп отыр.

Олар мынадай бағыттарға жұмсалатын болады:

- карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд. теңгеге қосымша ақы төлеу;
- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 83,2 млрд теңге;
- ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақылар төлеуге – 11,7 млрд теңге.

Әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға 261,7 млрд теңге сомасында шығыстар көзделген.

Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте, барлық мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделген. Бұдан басқа, бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды,- дейді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, нәтижесінде республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты.

Республикалық бюджет түсімдері 185 млрд теңгеге ұлғайып, 12 трлн теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5% деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 205 млрд теңгеге өсіп, 14,5 трлн теңгені құрайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы