Мамин бірнеше елдің Үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

21 Наурыз 2020, 15:23
1062
Бөлісу:
Мамин бірнеше елдің Үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Үкіметтер басшылары коронавирустың таралуымен күресудегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылады.

Шетел азаматтарының кіруі/шығуы бойынша Қазақстан мен Ресейде әрекет етіп тұрған шектеулерге байланысты ҚР премьер-министрі А. Мамин РФ Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен әңгімелесу барысында ҚР мен РФ аумағы арқылы еліне транзитпен қайтатын қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше өзара режим ашуды ұсынды.

Өзбекстан премьер-министрі А. Ариповпен, Қырғызстан премьер-министрі М. Абылгазиевпен және Тәжікстан премьер-министрі К. Расулзодамен өткен келіссөздерде вегетациялық кезеңдегі су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

 

Өзгелердің жаңалығы