Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
А. Мамин М. Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыстады.
Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, ҚР-дан БАӘ-ге - шамамен $1 млрд Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.