Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

24 Мамыр 2020, 09:53
860
Бөлісу:
Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ұлық мейрам адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін, сенім мен ерік-жігерді нығайтатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.

Алла Тағала ниет еткен жандардың игі істерін, дұғалары мен тұтқан оразасын қабыл етсін! Мұсылмандардың осы қасиетті айда жасаған барлық рухани және шарапаты мол ізгі амалдары жыл бойына ұласып, келесі Рамазан айында еселене берсін. 

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!

Өзгелердің жаңалығы