Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федерациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Жоғары дәрежеде өткен кездесуде тараптар қазақстандық бокстың жан-жақты дамуына тоқталды. Кездесудің маңызды мәселелердің бірі ретінде мектептер мен жоғары оқу орындарында бокс спорт түрін дамыту талқыланды,-делінген хабарламада.
Айта кетсек, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленген болатын. Жалпы командалық есепте ел құрамасы екінші орынға табан тіреп, ел мерейін үстем етті.