Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқылануда.
Жиын премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың қатысуымен өтіп жатыр.
"Қазіргі таңдағы үлкен мәселелердің бірі - біздің мамандарымыздың сапасын, біліктілігін арттыру. Қазір экономиканың жағдайына қарай кәсіби деңгейі жоғары мамандарды дайындау керек. Естеріңізде болса, бізге осы жылдың аяғына дейін 480 кәсіптік стандарттар дайындау жөнінде тапсырма берілген болатын. Қазір олардың біразы дайындалды. Енді қалғанын дайындап бітіруіміз керек. Осы берілген тапсырмаларды орындау үшін әрбір министрліктің басшылары мен орынбасарлары өз саласындағы кәсіптік стандарттар дайындауға жауап береді. Бұл тапсырма осыған дейін де Елбасының 100 нақты қадамында көрсетілген болатын" , - деді Бердібек Сапарбаев.
Атап өтсек, БҒМ орта кәсіптік білім деңгейінде қолдану үшін 350 кәсіптік стандарт әзірледі. Ал Еңбек министрлігі мен "Атамекен" ҰКП үйлестіруімен 70-тен астам кәсіптік стандарт даярланды.