Мамандар елордалықтарды суды үнемдеуге шақырады

13 Сәуір 2023, 20:03
759
Бөлісу:
Мамандар елордалықтарды суды үнемдеуге шақырады
Фото: 24.kz

Елордада ауыз су тапшы. Қазір қолда бар құрылғылар тұрғындарды тіршілік нәрімен толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан мамандар су қысымын азайтып, амалдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.

Тіршілік нәрінен тарығып отырған шаһардың көгалы таза сумен суарылады екен.

Адамға жетпеген суды ағашқа құйып, ысырап қылып алмаймыз ба?

Астанада қазір екі сорғы-сүзгі станциясы бар. Оның қуаттылығы – тәулігіне 305 мың текше метр. Тапшылықты жою үшін тағы 30 мың текше метр су керек. Осыған байланысты, қазір үшінші сорғы сүзгі станциясының құрылысы басталды. Енді экологтар онсызда жетпей тұрған ауызсуды ысырап қылып отырмыз деп дабыл қағып жатыр. Оларды қаланы күтіп ұстауға және көгалды суаруға ауызсу пайдаланылатыны алаңдатады. Мұның дұрыс емес екенін мамандар да растап отыр.

Менің ойымша, ауызсуды өсімдіктерді, ағаштарды суаруға қолдану мүлдем дұрыс емес. Өйткені ауызсу тек коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке қолданылады. Және осы тараппен есептелген. Сондықтан көбінесе оны бөлек су қоймаларынан алып сурау керек дұрыс болады деп ойлаймын, - дейді «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ директоры Нұрбек Серіков.

Иә, расымен ауыз су адамның ғана қажеттілігіне емес, қала келбетіне де жұмыс істейді. Мәселен, «Астана Зеленстрой» мекемесі Есіл өзенінен тәулігіне млн текше метр су алады. Бір ағашқа күніне 60 литр су құяды. Алайда мамандар суару жұмыстарына негізінен техникалық су қолданылады дейді. Дегенмен, ауызсумен суарылатын аумақтар да бар.

 Иә, біз ауызсуды қолданамыз. Бірақ, қаладағы шағын аудандарға ғана пайдаланылып жатыр. Көлікпен барып, суару мүмкіндігі жоқ жерлерге ғана ауыз су құйылады. Мәслен, Бәйтерек маңында 8 гүлзар бар. Сол секілді біржылдық дақылдарға қолданылады, - дейді «Астана Зеленстрой» ЖШС директорының орынбасары Аслан Сатин.

Иә, қаланың келбетіне қолданылатын ауызсу көлемі көп емес. Бірақ бұл жылдар бойы жалғаса берсе, арты жақсы болмайды, - дейді мамандар.

Оның үстіне тұрғындар дәл қазір осы тіршілік нәрінен тапшылық көріп отырғанын ұмытпау керек. Сарапшылар су үнемдейтін тиімді технологияларды қолдану керектігін айтып жүр. Сол кезде ауыз су да, аяқ су да адамның пайдасына жұмыс істейді.
 

Өзгелердің жаңалығы