Мамандар елімізде жыл сайын 600 баладан қатерлі ісік анықталады дейді

19 Мамыр 2022, 03:45
1334
Бөлісу:
Мамандар елімізде жыл сайын 600 баладан қатерлі ісік анықталады дейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мәліметі бойынша, соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Бұл әлемдік статистикамен салыстырғанда төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар Қазақстанда балалар онкологиясын ерте диагностикалауда оң динамика байқалады. Егер 2015 жылы бастапқы кезеңдегі қатерлі ісік науқастардың үштен бірінде ғана анықталса, былтыр науқастардың жартысына ерте диагноз қойылды.

Мамандар бұрын онкологиялық дертке шалдыққан балалар шетел емханаларына емделуге жіберілсе, қазір оларға еліміздегі озық әдістер мен тиімді дәрі-дәрмектің қолжетімді екенін айтады.

Емдеу жанжақты жүргізіледі. Біріншіден, бағдарламалық полихимиотерапия. Айта кету керек,  емдеудің клиникалық хаттамасы халықаралық нұсқаулар негізінде әзірленіп, біздің жағдайларға бейімделген. Бұл хирургиялық операциялардың барлық түрін қамтиды. Сәулелік терапия және 2012 жылдан бастап біз гемопоэтикалық жасушаларды трансплантациялауды жасап келеміз, – дейді педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, басқарма басшысының орынбасары Ләззат Манжуова.

Өзгелердің жаңалығы