Маман вакцинадан кейін науқастану қаупі сақталатынын айтты

4 Тамыз 2021, 17:16
4714
Бөлісу:
Маман вакцинадан кейін науқастану қаупі сақталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Вакцинадан кейін науқастану қауіп-қатері сақталады. Себебі халық арасында індеттің айналымы өте белсенді. Ауыруыңыз мүмкін. Алайда вакцина алған адамдар жеңіл түрде ауырады. Стационарға жүгіну мүмкіндігі өте төмен, - деді Манар Смағұл.

Өз кезегінде жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева вакцина алғандар жеңіл ауыратынын айтты.

Стационарларға түсетіндер арасында вакцина алғаннан кейін 8-10 күн өткен соң түскен науқастар бар. Вакцинадан кейін антидене қалыптасуы үшін 2-3 апта керек. Оған дейін ағзаға вирус түссе, ол ішкі органдарға тарауы мүмкін. Ал амбулаторлық деңгейде індет жеңіл өтіп жатқан науқастар емделіп жатыр. Сондықтан вакцина алғандар індетті жеңіл түрде өткізеді. Ол індеттің ауыр өтуі мен өлімнің алдын алады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы