Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, кейінгі үш жылда бала туу коэффициенті тұрақты түрде төмендеп келеді: 2021 жылы – 3,32, 2022 жылы – 3,05, 2023 жылы – 2,96, 2024 жылы – 2,8. 2025 жылдың қорытындысы қандай болмақ? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі демограф маманнан сұрады.
Сондай-ақ сарапшы Қазақстанда автобандарды салудың қателігі неде, демограф мамандар мемлекеттік бағдарламаларға не үшін қатысуы керек, елде демографиялық дағдарыс басталды ма, туу көрсеткіші төмендеуінің қандай себептері бар және бала туудан аймақтар арасындағы айырмашылық нені білдіретінін айтты.