Маман күнделікті қанша кофе ішуге болатынын айтты

30 Қаңтар 2024, 18:37
856
Бөлісу:
Маман күнделікті қанша кофе ішуге болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Кофе - әлемдегі ең танымал сусындардың бірі. Оның сергітетін қасиеттерінен бөлек, денсаулыққа пайдалы қасиеттері де бар. Алайда кейбір адам үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ескеру қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Терапевт дәрігер Айсұлу Каримова кофенің күндізгі нормасы - 400 миллиграммнан аспауы керек екенін атап өтті. 

Орташа есеппен бұл үш-бес шыны-аяқ кофеден аспауға тиіс, - деді маман Osnmedia.ru басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қоса Каримова айтып өткендей, "күніне осынша кофе ішсе, қалыпты" деп кесіп айтуға болмайды.

Кофе дәндерінің сұрыптары, оларды дайындау тәсілі, тіпті кофеге су немесе сүт қатудың өзі оның құрамындағы кофеинге әсер етеді. Сондықтан күнделікті норманы тек кофенің құрамындағы кофеинді ескере отырып белгілеуге болады, – деп түсіндірді дәрігер.

Жалпы ересек адамдарға 100-200 миллиграмм мөлшерінен аспайтын кофеин тұтыну ұсынылады. Күнделікті норма 400 миллиграмнан аспауы керек. Сәйкесінше, күніне үш-бес кеседен артық кофе ішуге болмайды.

Бұдан бөлек жеке дозаны анықтау кезінде организмнің жеке ерекшеліктеріне сүйену керек.

Мәселен гипертониялық науқастарға тым көп кофе ішуге болмайды, өйткені қантамырлары тарылып кетуі мүмкін. Жүкті және бала емізетін аналар да кофені ішкен кезде оның құрамындағы кофеин ана сүті арқылы нәрестеге баратынын ескеруі керек, – деп ескертті Каримова.

Оның пайдалы қасиеттері де бар. Кофе адамды сергітеді. Сондай-ақ қан қысымы төмен адамдарға көп пайдасын тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы