Малиде жедел жәрдем көлігі минаға ұрынып, 6 адам қаза тапты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малидің оңтүстігінде жедел жәрдем көлігі жолға қойылған минаға ұрынып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.</h4>

 13 Қыркүйек 2020 2020, 03:48
13 Қыркүйек 2020 2020, 03:48
1582

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малидің оңтүстігінде жедел жәрдем көлігі жолға қойылған минаға ұрынып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Ведомоство өкілінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем автомобилі Йоросо қаласына аяғы ауыр әйелді әкеле жатқан.

Көлікте болған алты жолаушының бәрі де опат болды.

Болған оқиға үшін жауаптылар әзірге анықталған жоқ.

Наверх