Мале мен Минскіден келген жолаушылардан коронавирус анықталды

24 Наурыз 2021, 11:11
1582
Бөлісу:
Мале мен Минскіден келген жолаушылардан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 наурызда ел аумағына Индия, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

4 398 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 жолаушы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен - 2 707, анықтамасыз - 27;

Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 609 жолаушы анықтамамен келген;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 469; анықтамасыз - 5;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 339 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 242 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

22 наурызда шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 20  азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Мале – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
Өзгелердің жаңалығы