АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) Мальдив аралдарының Мале және Хулхумале аймақтарында чикунгуния дертінің өршіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Чикунгунья – адамға масаның шағуы арқылы жұғатын "чикунгунья" вирусынан туындаған ауру. Африка, Америка, Азия, Еуропа, Кариб теңізі, сондай-ақ Үнді және Тынық мұхиттарын қоса алғанда әртүрлі елдерде бұл ауру өршіп тұр.
Чикунгунья белгілері ауру жұқтырған маса шаққаннан кейін 3-7 күн өткен соң білінеді. Ең көп таралған белгілері - қызба және буын ауруы. Бас, бұлшықет ауруы, буындардың ісінуі немесе бөртпе сияқты басқа белгілері де болуы мүмкін.
Өте ауыр аурудың қауіп тобына жаңа туған нәрестелер, босану кезінде инфекция жұқтырғандар, егде жастағы адамдар (65 жастағы және одан жоғары) және жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе жүрек ауруы бар адамдар жатады.
Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы саяхат жасау кезінде инфекциялардан қорғану үшін мынадай кеңестер ұсынады:
- Жәндіктерге қарсы тіркелген құралдарды ғана қолданыңыз.
Келесі белсенді ингредиенттері бар репелленттерді таңдаңыз:
- ДЭТА (DEET)
- Пикаридин немес икаридин
- ИР3535
- Лимон эвкалипт майы (OLE)
- Пара-ментан-диол (PMD)
- Егер сіз күннен қорғайтын кремді қолдансаңыз, одан соң жәндіктерге қарсы құралды жағып алыңыз.
- Ұзын жеңді жейделер мен ұзын балақты шалбар киіңіз.
- Киім мен керек жабдықтарға перметрин (маса және басқа да жәндіктерді өлтіретін немесе үркітетін инсектицид) себіңіз.
- Перметрин бар өнімдерді теріге жақпаңыз.
- Кондиционер, терезелері мен есіктерінде москит торлары бар қонақүйді немесе тұрғын үйді таңдаңыз.
- Егер сіз көшеде болсаңыз, москит торын құрып ұйықтаңыз. Есіңізде болсын! Масалар күндіз-түні шағуы мүмкін.
- Перметринмен өңделген москит торлары өңделмеген торларға қарағанда көбірек қорғайды.
Нәрестелер мен балаларға арналған жәндіктерге қарсы репелленттер бойынша кеңестер:
- Балаңызға қолы мен аяқтарын жауып тұратын киім кигіңіз.
- Балалар арбасын москит торымен жауып қойыңыз.
- Заттаңбадағы нұсқаулықтарды үнемі қадағалаңыз.
- Қолыңызға, көзіңізге, аузыңызға, кесіп алған жерлеріңізге немесе тітіркенген теріңізге репеллент жағыңыз.
- Баланың бетін шағудан қорғау үшін репеллентті алдымен өз қолыңызға сеуіп алып, қолыңыздағыны баланың бетіне жағу керек.
- 3 жасқа дейінгі балаларға құрамында лимон эвкалипт майы (OLE) немесе параментандиол (PMD) бар өнімдерді қолданбаңыз.
- Егер сізді маса шағып алса, шаққан жерді қасымаңыз. Бірден қышуға қарсы немесе антигистаминді крем жағыңыз.
Саяхаттап келген соң өзіңізді нашар сезінсеңіз, әсіресе ыстығыңыз көтерілсе, дәрігерге жүгініп, саяхаттауға барғаныңыз туралы айтыңыз.