Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Малға сырға тақпағандарға айыппұл күшейеді

Олжас АДАЙ
8 Шілде 2025, 11:55
941
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үйдегі малын тіркемеген адамға қанша айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда үйдегі малы тіркелмесе, бір адамға 30 мың теңге айыппұл салынады. Қазір әрі қарай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Енді малдың иесіне ғана емес, арада малды сатып алып, базарға өткізетін делдалдар да бар. Олардың қолында ешқандай қағаз бен құжат жоқ. Аталған азаматтарға қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеп отырмыз. Ертең бүкіл халықты ауруға шалдықтыруымыз мүмкін, сол себепті қатаң шараларды қабылдауымыз керек, - дейді министр Үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сондай-ақ Сапаров заң жобасы күзде Мәжіліске ұсынылатынын айтты.

Біз бұған дейін мал өнімдерін заңсыз сатқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы