Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Өңірде мал ұрлықтарының алдын алу, ашу бағытындағы шаралар күшейтілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында биыл ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды.
Полицейлер қылмыстық топтың бірнеше жылқымен қатар, сиыр мен түйе де ұрлағанын анықтады. Махамбет және Құрманғазы аудандарының екі тұрғыны Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Оқи отырыңыз: