Мал ұрлығы үшін қанша адам ұсталғаны белгілі болды

<p><strong>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы&nbsp;</strong>Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров <strong>Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.</strong></p>

 15 Наурыз 2022 2022, 11:27
15 Наурыз 2022 2022, 11:27
3463

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.

ІІМ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп облыстық және республикалық «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып тұрады.Осылайша, 1 наурыздан 10 наурызға дейінгі аралықта Ішкі істер министрлігі кезекті «Окмотокрада» операциясын ұйымдастырды, - деді Шалқаров.

Ол атағандай, оған 4 мың полиция қызметкері мен 308 ауыл шаруашылығы басқармасының маманы қатысты.

Жедел шара кезеңінде мал мен мал етін тасымалдаған 15 мың автокөлік тексерілді. 6 мың сатып алу орындары тексеріліп, 11 мың шаруа қожалығы тексерілді. 248 мал ұрлығы әшкереленіп, 221 адам ұсталды. Оның ішінде 30 топ бар. Заңды тұлғаларға 886 мал басы қайтарылды, - деді Серік Шалқаров. 

Сондай-ақ ол атағандай, ветеренария саласында 1353 құқық бұзушылық тіркелген. 

Наверх