Мал шаруашылығын қолдау ведомствоның бірінші кезектегі міндеті – АШМ

28 Қазан 2021, 15:18
37254
Бөлісу:
Мал шаруашылығын қолдау ведомствоның бірінші кезектегі міндеті – АШМ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында еліміздің әр өңірінен келген фермерлердің қатысуымен қазақстандық малшылардың слеті өтті. Жиынды Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ашты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Мал шаруашылығы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің стратегиялық бөлігі және мемлекеттің аграрлық секторындағы басты бағыттардың бірі болып саналды. Мемлекет мал өсірушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Қазіргі таңда мал сатып алуға кредит беру кезінде кепіл саясаты оңтайландырылды. Мәселен, кепілге малдың өзі (85%) алынады, бұл ретте анық кепілмен қамтамасыз ету небәрі 15%-ды құрайды. Жыл сайын мал шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік қолдау көлемі де артуда, - деді Ербол Қарашөкеев.
Мал шаруашылығын қолдау ведомствоның бірінші кезектегі міндеті – АШМ

Таяуда Қазақстан үкіметі бекіткен Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобада саланы дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Атап айтқанда, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін негізгі басымлық жемшөп базасын құру, жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру, өндіріс технологиясын одан әрі жетілдіру көзделген. Сондай-ақ егіншілікті әртараптандыру шеңберінде жемшөп дақылдарының егіс алаңдары кеңейту жоспарланып отыр. Бұл фермерлердің өтінімдері негізінде айқындалатын көлемдегі тұрақты жұмыс істейтін жемшөп қорын құруға мүмкіндік береді.

Жаңа жайылымдық алқаптарды айналымға тарту, тозған жайылымдық алқаптарды түбегейлі және үстірт жақсарту есебінен жайылымдардың өнімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұдан басқа, мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру, жануарларды сақтандыруды дамытуды ынталандыру көзделеді, - деп қосты ведомство басшысы.
Мал шаруашылығын қолдау ведомствоның бірінші кезектегі міндеті – АШМ

Жиында Қазақстандағы ветеринария жүйесі реформаланатыны белгілі болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ветеринария жүйесі реформаланатын болады. Мемлекеттік функциялардың бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарлануда, бұл осы салаға жеке инвестициялардың келуін және бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етеді, - деді АШМ басшысы.

Бұған қоса, ветеринариялық қызметтің жұмысын цифрлық форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік шараларының қадағалануын және мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге министрлік ветеринария кадрларын даярлау және ветеринарлардың жалақысын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ, шара барысында Ербол Қарашөкеев ведомстволық наградаларын табыстап, мал шаруашылығы саласындағы еңбектері мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамытуына елеулі үлес қосқан сала өкілдерін Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталарымен марапаттады.

Мал шаруашылығын қолдау ведомствоның бірінші кезектегі міндеті – АШМ

Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан «Шәушен» шаруа қожалығының қызметкерлеріне 15 млн теңге көлеміндегі қаржылық сертификат табыс етілді. Бұл қаражат шаруа қожалығының жұмысшыларының отбасыларына тұрғын үй салуға жұмсалатын болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған үздік қызметі үшін Жылы бұлақ Меркі шаруа қожалығының шопаны «Нива» автокөлігін алды.

Жалпы, мал шаруашылығын қолдау және оны дамыту - менің сала басшысы ретіндегі басты міндетім. Ұлттық жобаның іс-шаралары мал шаруашылығымен айналысатын Сіздерге үлкен нәтижемен жұмыс істеуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгідей жиындар (слеттер) тек үздік болуға ынталандырады, сонымен қатар ауыл шаруашылығы қызметкерінің мәртебесін танымал етеді, - деп түйіндеді сөзін министр Ербол Қарашөкеев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы