Индер ауданында мал іздеуге шыққан 3 адам аман-есен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 қаңтарда Атырау облысының Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, қайтып оралмады.
Жоғалып кеткендер таңертеңгі сағат 8-де Батыс Қазақстан облысы Жанама ауылына қарай мал іздеуге автокөлікпен шығып, қайтып оралмады.
Жоғалған адамдар 10 қаңтар таңғы сағат 05:20-да табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД және пооицияның 7 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылды.