Мақтааралдық диқандар қызылша егуді бастады

2 Ақпан 2021, 15:57
1515
Бөлісу:
Мақтааралдық диқандар қызылша егуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары қызылша тұқымын егуді бастады, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Павло», «боро», «водан F1» сұрыптары шетелден әкелінген. Екі жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға қызылша тұқымын еккен. Былтыр ерте көктемде өнім алған А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына қызылша өнімін сатып, Ресей мемлекетіне экспортады. Осылайша, мол табысқа кенелген шаруалар биыл да экспорт мәселесіне көңіл бөліп отыр, - делінген ақпаратта.

Аталған ауылдық округте 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған. Ал, жаңа меже сапалы өнім көлемін айтарлықтай арттыру.





Өзгелердің жаңалығы